Ерліктің ерен үлгісі - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ерліктің ерен үлгісі

Ұлы Отан соғысына қатысып, бізге бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге қай-қайсымыз болсын бас иеміз. Құрметке лайық қариялардың бірі – Петр Севальнев бүгінде тоқсан жаста. Мектебіміздің оқушылары мереке қарсаңында ардагермен кездескен еді.  

Соғыс басталғанда небары 15 жаста болған Петр Николаевич майдан даласына Ресейден аттанады. Атқыштар артиллериясында оқу-жаттығудан өтіп, қанды қырғынға араласады. Белоруссиядан бастап, Балтық жағалауы елдерін азат етуге қатысқан. «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдары ардагердің төсінде жарқырайды. Ардагер соғысқа қатысқанын батырлық деп емес, елін сүйген адамның оны қорғай білуі деп санайды. Ал, соғыстан аман оралғаннан кейін зейнетке шыққанша кенші болып жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысы ардагерінің әңгімелері әр оқушының жүрегіне жетіп, көңілдеріне қонды.

М.ҚҰЛЖАНБЕКОВА,
№20 мектептің мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 394
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px