Граната жарылды - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Граната жарылды
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Облыстағы Қарабас кентінің оқу орталығында гранатаның жарылуы салдарынан штаб бастығы мен бір сарбаз жарақат алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Оқиға 7 сәуір күні сағат 12-нің шамасында Қарабас кентінде орналасқан 5451 әскери бөліміндегі біріктірілген оқу орталығында, жауынгерлік граната лақтыру жаттығулары кезінде орын алған.
2-ші атқыштар батальоны 3-ші атқыштар ротасының 1 взводы 1-ші бөлімшесінің сарбазы (пулеметші), қатардағы жауынгер Абзал Сұлтанқұлов лақтырған РГД-5 гранатасы окопқа түсіп, жарылып кеткен. Тап осы сәтте штаб бастығы – ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық командованиесіндегі 6505 әскери бөлімі командирінің орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов қатардағы жауынгерді өз денесімен жапқан. Зардап шеккен екі адам кезекші медициналық қызметкердің бірге еруімен санитарлық көлік арқылы Абай қаласының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
Зардап шеккен екі адам жеңіл жарқыншақ тиген жарақаттар алыпты. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық, деп бағалап отыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, оларға амбулаторлық емдеу тағайындалды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 176
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px