Кәсіпкерден ардагерге сыйлық - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Кәсіпкерден ардагерге сыйлық
«Қарағандылық кәсіпкер Сергей ВОДЬКО ҰОС ардагері Константин СУМИНДІ өз қамқорлығына алды. Жеңіс күні қарсаңында бизнесмен оған жаңа терезе сыйға тартты» деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.
Қызғалдақ Айтжанова,
«Орталық Қазақстан»


«Константин Ивановичке барғанымда ол «терезе ескі,  одан жел соғады» деп шағымданды. «Басқа ештеңе керек емес, жаңа терезе қойып берсе деп едім» деді. Біздің компания ардагердің өтінішін орындады. Ең мықты терезе орнатып берді», – деді С.Водько.
Компания басшысы кәсіпкерлерді ардагерлерге тек 9 мамырда ғана емес, тұрақты көмектесіп тұруға шақырды. «Олар жылдан-жылға азайып келеді. Оларға бей-жай қарамай, жәрдемдесуге ұмтылуымыз қажет. Олардың алғысы мен ризалығы рухани баюыңа жол ашады» – депті кәсіпкер.
Облыстық ардагерлер кеңе­сінің деректеріне сәйкес, Қарағанды облысында бүгінде ҰОС 246 қатысушы мен мүгедектері, 15 мыңға жуық тыл еңбеккері бар.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 147
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px