Кәсіпкерлік кеңеюде - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Кәсіпкерлік кеңеюде
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда ақтоғайлықтар біраз асуларды алып үлгерді. Жыл сайын жаңа нысандар ашылуда. Ақтоғай селосының орталығында кеңес кезінен қалған «Береке» дүкені болатын. Жеке кәсіпкер Н.Түсіпбекованың ұйымдастыруымен осы дүкен ірі сауда орталығына айналды.
Жаңа орталықтың іші-сырты бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай жабдықталған. Іші кең, жарық, жинақы. Заман талғамы деген осы, ғимарат көз тартады. Ауылға бір жағынан көрік беріп тұр.
Кәсіпкер Н.Түсіпбекова кеңестік дәуірде осы дүкенде сатушы болып еңбек еткен екен.  Алдағы уақытта дүкеннің сауда қызметін кеңейтпек ойлары бар. Соның ішінде «құрылыс материалдары кешенін ашсақ» деген ниеттері әркімнің көңілінен шығып отыр. Шағын асхананы да ашып, қызмет көрсетуді жоспарлауда.
АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 476
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px