Халық алдында есеп берді - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Халық алдында есеп берді
Жуырда бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге ел аймақтарының тұрғындары, әділет органдарының ардагерлері, кәсіпкерлік өкілдері қатысты.         
Берік Имашұлы Министрліктің есептік кезеңдегі қызметі және ве­домствоның одан арғы жоспары туралы толық баяндады.   
Министрдің айтуынша, Минис­тр­лік соңғы жылдары ұлттық заңнаманы қалыптастыру, құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды және сақтауды ұйым­дастыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету, сот-сараптама қызметін ұйымдастыру сияқты қызмет бағыттарында бірқатар іс тындырды.  
Министр кездесуге қатысқан азаматтардың ғана емес, сондай-ақ, елдің басқа аймақтары тұрғын­дарының сұрақтарына да жауап берді.   
Азаматтардың көбісі атқарушы­лық іс жүргізуге және құқықтық қызмет көрсетуге қатысты мәселе­лерге қызығушылық танытты.    
Қарағанды облысы әділет департаментінің  баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 769
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px