Халықаралық ралли жорығы - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Халықаралық ралли жорығы
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Шіліңгір шілдеде бір кезде аңызға айналған Мәскеудің Қызыл алаңынан автокөлік жорығы үлкен жорыққа аттанады. Негізгі бағыт – Мәскеу-Астана-Пекин. Сөйтіп, Қытай елінің астанасына дейін бес мың шақырымды жүріп өтеді. Нақтылай айтсақ, «Жібек жолы – 2016» халықаралық ралли кезеңі.
Экономикалық, саяси-әлеуметтік көзқарастың нақтылы болуы ел дамуының бірден-бір дәнекері екені сөзсіз. Шараға қатысушылар бүгінгі алмағайып заманда ел тұтастығын, мемлекет тыныштығын тұрақтандырудың аса маңызды екеніне көз жеткізе отырып, насихат жұмыстарын жүргізеді. Халықаралық спорттық автокөлік жорығына 150 экипаж қатысады деп күтілуде. Соның 12 экипажы біздің елімізден қосылады. Балқаштықтар үстіміздегі жылдың шілде айының 13-14 жұлдызында осы «Жібек жолы – 2016» халықаралық ралли кезеңін күтіп алуға қазірдің өзінде дайындықты бастап кетті.
Осы мәселе төңірегінде арнайы басқосу өткізіліп, «Жібек жолы – 2016» халықаралық ралли бағыты директорының орынбасары С.Мишин арнайы кеңес өткізді. Ең қызықтысы – ралли конкурсы жайында әр жерде түсірілген бейнетаспа. Автокөлік шеруінің бағыт-бағдарламасының өзі 37 тармақтан тұратын көрінеді. Мұның өзі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық негіздегі тамаша тарту болмақ.

Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 247
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px