Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 26.09.2017

Әлеуметке – әлеуетті көмек
Көңілі – даладай дарқан халқымыз қашан да кеңпейілділігімен дараланған. Алғыс айту күні мерекесіне орай, республикалық «Асар», «Жылу» қайырымдылық акциялары Шет ауданында да ойдағыдай атқарылды.

Соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, табысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында ауданның жастар ресурстық орталығында «Тегін дүкен» акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында ауданның мекеме, ұжымдары, ауыл тұрғындары және жеке кәсіпкерлер киім-кешекпен, азық-түлікпен қамту тұрғысында көмек көрсетті. Жиналған материалдық көмектер аталған топтар өкілдеріне таратылды.
М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.
ШЕТ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 344
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1181
count 88x31px