МАЙДАНГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

МАЙДАНГЕРЛЕР  ҰЛЫҚТАЛДЫ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Жақында Қарағанды облыстық орталық мешіті және ҚМДБ-ға қарасты Зекет корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесу өтті.
Мешіт асханасында арнайы дастарқан жайылып, бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Қарағанды облыстық филармониясының «Мерей» ансамблінің әншілері әсем әндерін шырқады. Арқа ақындары Айтбай Жұмағұлов пен Тілеген Әділов жырдан шашу шашып, ардагерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Жүздесу соңында ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді. Ел қорғаған батырлар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, баталарын берді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 291
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px