Миллионыншы тұрғын - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Миллионыншы тұрғын
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Маусым айының 3-інен 4-іне қараған түні Астанадағы №1 перинаталды орталықта қаланың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Мереке қарсаңында дүние есігін ашқан бүлдіршіннің ата-анасына Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ құттықтауын жолдады.

Президент құттықтауында «2016 жылдың 4 шілдесі күні, таңға жақын Мұхамедияровтардың отбасында Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Баланың анасы балабақша тәрбиешісі болса, әкесі электромонтер екен. Енді, Астана – миллион халқы бар қала. Құттықтаймын!» делінген.
Сондай-ақ, өмірге келген қыз баланың ата-анасына Астана әкімі Әсет Исекешевтің атынан пәтер кілті тапсырылды. Сәбидің әкесі – 24 жастағы монтер Олжас Мұхамедияр, анасы – 22 жастағы балабақша тәрбиешісі Арайлым Мұхамедияр. Олар тұңғыштарының есімін Саида деп атапты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 836
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px