Құнды жәдігерлер тапсырды - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Құнды жәдігерлер  тапсырды
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Кезінде Жезқазған облыстық атқару комитеті қаржы-шаруа­шылық бөлімінің басшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген Дмитрий ГРУДЕЙ өз пәтерінің бір бөлмесін ғарыш мұражайына айналдырыпты. Жақында оның зайыбы Екатерина Васильевна марқұм жұбайының 20 жылдай тірнектеп жинаған ғарышқа қатысты құнды жәдігерлерін Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне тапсырды.
Дмитрий Дмитриевич 1973 жылдан 1988 жылға дейін қызмет бабына сәйкес, Жезқазған жеріне табаны тиген ғарышкерлерді күтіп алып, қонақүйге орналастыру сияқты жұмыстармен жиі айналысқан екен. Соған орай, ол Попович, Леонов, Волынов, Макаров сияқты көптеген ғарышкерлермен достық қарым-қатынаста болған еді. Кейбір ғарышкерлерді үйіне қонақ еткені де бар. Үйдегі шағын мұражайда жүздеген төсбелгілер, кәдесыйлар, грамоталар, фотосуреттер мен қолтаңбалар, ғарыш костюмі мен шлем, ғарыш кемесінің бөлшектері, Юрий Гагариннің жаттығу кезіндегі қалпағы сияқты бағалы жәдігерлер жинақталыпты.
Осының барлығын көпшілік игілігіне айналдыру үшін музей қорына тапсырған Екатерина Грудейге қалалық музейдің директоры Зинаида Чумакова зор ризашылығын білдіріп, алғыс сезімін арнады. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қорына өткен бұл құнды экспонаттар енді ғарыш тақырыбына сай безендіріліп, жақында жұртшылықтың назарына ұсынылады.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 178
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px