Оңалту орталығы ашылды - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Оңалту орталығы ашылды
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»


«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жезқазғанда оңалту орталығы ашылды. Оның негізгі жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға бағытталған.

Жаңа орталық — «Малютка» ЖШС басшысы Оралғайша Нығматулинаның қолға алуымен жүзеге асқан жоба. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болған соң мүгедек балаларды оңалтатын осындай орын ашуға бекініпті. Мұнда жүйке жүйесінің ауытқуы бар және тірек-қимыл мүшелері ақаулы балалар қабылданып, оларды қатарға қосу бағытындағы шаралар жүргізілуде. Қажетті жабдықтар Ресейден арнайы алдырылған. Мәселен, «Гросс» тренажері арқылы тірек-қимыл мүшелері дамымаған балаларды жүргізуге дағдыландырса, вертикализатор қондырғысымен бел омыртқаны қалпына келтіру қарастырылған. Мойны мен басын ұстай алмайтын жеткіншектер үшін ғарыш костюмі және басқа да қажетті жабдықтар бар. Арнайы нұсқаушы мамандар жұмыс жасайды. Бұрын ата-аналар мұндай деңгейдегі мүгедек балаларын Астана, Қарағанды қалаларына апарып, әуре-сарсаң болатын. Енді Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары отбасылық дәрігерлердің жолдамасымен балаларын жергілікті оңалту орталығында емдетуге мүмкіндік алып отыр.
 
 ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 671
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px