Оң баға берілді - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Оң баға берілді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қазіргі таңда қазақстандық қоғамның даму үдерісіне сай Абай ауданында да ілгері басу бағытындағы айтулы істер атқарылуда. Бұл тұжырым өңір басшысы Серік ШАЙДАРОВТЫҢ аудандық қоғамдық кеңес отырысында берген есебінде бұрынғыдан да айқындала түсті.
Ауданның өткен жыл ішіндегі даму қорытындылары мен биылғы жылғы міндеттер аясы туралы сөз қозғаған Серік Жаманқұлұлының баяндамасында әр саладағы тындырымды әрекеттер мен олардың нақты нәтижелері толыққанды қамтылды. Аудан әкімі өнеркәсіпті дамыту, ауыл шаруашылығындағы іс-қимылды одан әрі ширата түсу, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын бақылауда ұстау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы реттілікті нығайту, тұрғындарды жұмыспен қамту және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне сындарлы сипаттама берді. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі күрделі жайттардың түйінін тарқатуға қатысты қолға алынған шаралардың мән-жайын да бүкпесіз жайып салды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан туындаған сауалдардың барлығына тұщымды жауаптар қайтарылды.
Отырыс қорытындысында аудан әкімінің есебі толық мақұлданып, жергілікті атқарушы биліктің іс-қимылына оң баға берілді.
АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 279
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px