2016 жылдың 1 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118556 теңге және алдыңғы жылғы 1-тоқсанымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлайды.
Департаменттің хабарлауынша, биылғы жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақының өсуі көлік және қойма, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерден басқа барлық экономикалық қызмет түрлерінде байқалады. Едәуір өсуі - өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 48,3%.
2016 жылғы 1 тоқсанында жалақының айтарлықтай көлемі қаржы және сақтандыру кәсіпорын жұмысшыларында – 158327 теңге және өнеркәсіп кәсіпорында – 158299 теңге, ең төменгі – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындығы кәсіпорын жұмысшыларында (68734 теңге) анықталған.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, ең жоғары жалақы алатындар Сәтбаев кәсіпорындарының қызметкелерінде –186419 теңге. Жалақының ең төменгі мөлшері – Ұлытау ауданы кәсіпорындарының қызметкерлерінде (82460 теңге).

