Қос қызметшіге – қатаң сөгіс - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Алдымен, Әдеп жөніндегі Кеңестің бұған дейінгі жиындағы ұсыныстары бойынша қабылданған іс-шаралар туралы ақпарат тыңдалды. Кеңес төрағасы Жандос Сәрсенов мәлімдегендей, барлық ұсыныстар толықтай орындалған.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы жүргізген Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен есептерін бағалау жұмыстарының қорытындысы да жиыннан тыс қалмады. Бұған қоса, департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу түрлері мен әдістерін жетілдіру жұмыстарының нәтижесі қаралды. Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның есебі тыңдалды. Басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды орындау және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы туралы баяндады.

Ал, күн тәртібіне орай, осы отырыста Нұра ауданы Щербаковское ауылының әкімі Бақытжан Әмірбековке және Абай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдік жолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Димаш Сүлейменовке қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды. 

Кеңес мүшелерінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің екеуіне де қатаң сөгіс берілді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 256
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px