Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 23.11.2017

Отаншыл рух – ортақ игілік

Жастарға патриоттық тәрбие беру – басты міндет. Осы орайда кітапханашылардың әдіс-тәсіліне таңданбай көріңіз. Мәселен, Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №8 филиалы кітапханашыларының жас-өспірімдерге қағаздан жасалған гүлдер таратып, оған Отан мен  жерге деген  сүйіспеншіліктерін жазуды тапсырыпты.

Кітапханашылар №74 мектептің жоғарғы сынып оқушыларының ел, жер тарихы мен  мәдениетіне деген құрметін осылай дәріптеп, олардың қызығушылығын оятты. Жасөспірімдер №13 орта мектеп алаңындағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш маңына топтасып, қағаз гүлдерге жазған патриоттық сезімдерін сол жерде «Отан даңқы үшін» атты плакатқа тізбектеп, ілді. Бұл біз үшін де, оқушылар үшін де қызықты әрі тартымды болды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш алаңында дәл осы мезетте «Отан даңқы үшін» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     №74 мектептің кітапханашысы Бақытгүл Рысмағанбетова қазақстандық патриотизм – ұлт табысының маңызды құрамы екендігін айтты. Әсіресе, отансүйгіштікті жастар арасында насихаттап, саналарына сіңіру – бүгінгі қоғамның ортақ ісі. Кеш барысында оқушылар патриоттық тақырыпта өз ойларымен бөлісіп, өлеңдер оқыды.

Мәдина ДӘУЛЕТОВА,
ҚарМУ-дың І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 389
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1189
count 88x31px