Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Тәслима Құрмансейітова,

«Орталық Қазақстан»

Мемлекет басшысы Н.Назар­баевтың бастамасымен қолға алы­нып, жүзеге асырыла баста­ған «Жұмыспен қамту – 2020» Бағ­дарламасы бағыттарының талаптарынан туындаған міндеттер Жаңа­арқа ауданында ілкімді негізде ілгері басуда.

Соның дәйекті дәлелінің бірі – аталған бағдарлама аясында оған қатысушылардың бір тобын қуанышқа кенелткен жаңа 8 пәтерлі тұрғын үйдің пайдалануға берілуі болды.

«Жаңаарқа» ықшамауданында бой көтерген тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Ғ.Омаров, облыстық ауыл ­шаруашылығы басқармасының бас­тығы Б.Асанов және облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Т.Алтынбеков қатысып, мерейі өскен жандардың қуаныш­тарын бөлісті. «Қоныс құтты болсын!» айтысып, жаңа пәтерлердің кілтін иеленген жандарға толымды табыс, баянды бақыт тіледі.

Шалғайда орналасқан ша­ғын ауылдардан орталыққа қо­ныс ауда­рып, ел мүддесін, ха­лық­­­тың әлеуметтік әлеуетінің ар­туын көздеген бағ­дарлама бо­йынша тұрақты жұ­мыс табуды мақсат тұтқандар бар­шылық. Олар­дың біршамасы алдағы уа­қытта осындай қуанышқа бөленеді деп күтілуде. Тұрғын үй құрылысы жұ­мыстарының сапалы іске асырылуын «ТехстройҚарағанды» ЖШС қамтамасыз етті.

Салтанатты рәсімге жиналған жұртшылықтың көңіл-күйін мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының ән шашуы көрікті ете түсті.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 728
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px