Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.08.2017

Қарағандыда екінші деңгейлі банктердің қатары тағы бір банктік бөлімшемен толықты. Дәлірек айтсақ, «Qazaq Banki» АҚ-ның жаңа банктік бөлімшесі ашылып, қызметін көрсетуді бастады. Мұнда жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтің ауқымды көлемі көрсетіледі.

 

«Қазақстан қалаларында банк желілерін кеңейте отырып, біз қолайлылықты ғана жақсартып қоймай, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын да арттырмақпыз. «Qazaq Bankiнің» негізгі қағидатының бірі – әрбір тұтынушыға жеке қызмет көрсету, жеделдік, құпиялылық, жинақылық және ыңайлылық. Мұның барлығы жаңа кеңседе жүзеге асырылатын болады», – дейді Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Келембетов. Банк басшылығының айтуынша, жаңа бөлімшенің ашылуы банкті дамыту стратегиясына сай жүргізіліп отыр.

Бөлімшенің салтанатты ашылуында оның лентасын кесу – Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Шатохина, Қарағанды облысы бойынша банк филиалы директорының орынбасары А.Әбішевке бұйырды. Банк клиенттері де ашылуға қатысты. Қазақы дәстүрмен шашу да шашылды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 209
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px