Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы! - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өзімнің және Қарағанды облысы жұрт­шылығының атынан Сізді 70 жас ме­­рей­тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің өміріңіз де, еңбек жолыңыз да Отанға және халыққа қызмет етудегі ерен ерліктің үлгісі болып келеді.

Жастайыңыздан алдыңызға асқақ арман мен биік мақсат қойдыңыз және сол мақсатыңызға жетіп, халқымыздың абыройын асқақтаттыңыз. Жоғары әскери авиация мектебін тәмамдап, әскери сынақшы-ұшқыш ретінде талай мәрте аса қатерлі тапсырмаларды абыроймен орындадыңыз. Ерен ерлігіңіз үшін бейбіт заманда Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болып, халқымыздың мақтанышына айналдыңыз.

Қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер ретінде 1991 жылғы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен Александр Волковпен және Франц Фибекпен бірге ғарыш сапарына қанат қақтыңыз. Сегіз күндік сапардың нәтижесінде Арал теңізі маңайындағы экологиялық жағдай бойынша аса маңызды мәліметтер алынды.

Ғарыш сапарынан оралғаннан кейін қоғамдық жұмыстарға да бел шеше араластыңыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде халқымыздың өмір сапасын жақсарту жолында жауапты қызмет атқарып, тағы бір мәрте халықтың сенімінен шыға білдіңіз.

Отанымыз ерен ерлігіңіз бен еңбегіңізді лайықты бағалап, «Халық Қаһарманы» жоғары атағымен және басқа көптеген наградалармен марапаттады. Жоғары мемлекеттік марапаттар мен атақтар – зор еңбегіңіздің лайықты бағасы.

Сізді мерейтойыңызбен ізгі ниетпен тағы бір мәрте құттықтаймын! Зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат және отбасыңыздың амандығын тілеймін!

Құрметпен

Н.Әбдібеков,

Қарағанды облысының әкімі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2589
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px