РУХАНИ КЕШТЕР ӨТУДЕ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

РУХАНИ КЕШТЕР ӨТУДЕ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Кейінгі уақытта Қарағанды облыстық орталық мешітінің кітапханасы рухани кештер өткізуді дәстүрге айналдырған сыңайлы. Бұл жолғы кеш сөз қадіріне арналды. Мешіт шәкірттері мен оқырмандар мәнерлеп оқудан сайысқа түсті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы Пайғамбарымыздың теңдессіз хадис-шәріптерімен басталса,одан әрі Һәкім Абайдың қара сөздерімен әдіптеліп, соңы поэзия падишасы Мұқағали ақынның өлеңдеріне жалғасты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Әйгерім Қарабекке бұйырса, бірінші орынды Кенжебек Арман иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен қасиетті Құран сыйланды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 173
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px