Сап құрамында – жас буын - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Сап құрамында – жас буын
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жуырда облыс орталығында Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай ЖАППАРОВТЫҢ қатысуымен тәртіп сақшыларының қатарына жаңадан қабылданған жас буынның ант қабылдауына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл туралы мәліметті ІІД баспасөз қызметі таратты.
Салтанатты рәсім барысында жас тәртіп сақшыларына алғашқы шендері тапсырылды. Олардың құрметіне арнайы жедел әрекет ету отрядының сайыпқырандары қолма-қол ұрыс бойынша шеберлік мәнерін көрсетіп, полицияның түрлі құрылымдарының 800-ге жуық қызметкері қала көшесінің бірінде салтанатты сап құрамында жүріп өтті.
– Жас полиция қызметкерлері ал­дыңғы буын қалыптастырған дәстүрдің лайықты жалғастырушысы болатынына сенемін, – деді Мергенбай Жаппаров өзінің құттықтау сөзінде. – Олар қызмет ауыртпалығын қайыспай көтеріп, қызмет міндетін атқаруда озық үлгі танытуы тиіс.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 169
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px