САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге жаңа жол ашылды. Мұның игілігін балқаштық зейнеткер, әрі кәсіпкер Светлана Әлімханова да көріп отыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қажетті мөлшердегі қаржыға қол жеткізді. Сөйтіп, қаладағы тағы бір тамаша монша-сауықтыру кешенін тұрғызды.
Монша сауықтыру кешені бір мезгілде 30 адамды қабылдай алады. Іші-сырты заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған, санитарлық талаптарға сай қызмет көрсетуде. Қазір осы шағын кәсіпкерлік отбасылық ұжымға айналды. Сонымен қоса, бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
-«Кәсібі бардың – нәсібі бар», – дейді ғой. Алғашқы қадамымыз жаман емес. Мұндай мүмкіндікті туғызып отырған тиісті орындарға рахмет айтамыз. Алдағы уақытта игілікті ісіміздің аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер Светлана Әлімханова.

Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px