Сенбілікте серпін бар - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сенбілікте серпін бар
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жаңаарқа ауданында елді мекендерді көктемгі санитарлық тазалау шаралары екіайлық аясындағы межелі мерзімінен бұрын қолға алынды. Соған орай, аудан әкімі Ғабдрахман ОМАРОВТЫҢ тапсырмасы бойынша үлгілі жұмысшы топтары құрылды. Алғашқы сенбілік аса серпінді жағдайда өткізілді.
Сенбілікке түрлі меншік түріне жататын 140 мекеме-кәсіпорынның  ең­бек  ұжым­дарынан жалпы есебі 1200 адам  қатысты. Қоғамдық сипаттағы ең­бекке ынталы жандар өздеріне   бекі­тіл­ген көше  бөліктерінде тазалау жұ­мыстарын атқарып, жол жиек­теріндегі ер­неу­тастарды құмнан, ағаш жапырақтарынан,  кездейсоқ  қоқыс­тардан тазартты.     
Аудан орталығындағы та­залық жұмыс­тарына 4 автокөлік, 1 жүк тиегіш машина жұмылдырылды. Сенбілік қоры­тын­­дысында 175 гектар жер аумағы тазаланғаны мәлім болды.      
Осындай сипаттағы та­за­лық жұмыс­тары аудан­ның барлық ауылдық ок­ругтерінде жүргізілді.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 140
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px