«СЕВЕРНОЕ ПРИБАЛХАШЬЕ» ГАЗЕТІНЕ – 10 ЖЫЛ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«СЕВЕРНОЕ  ПРИБАЛХАШЬЕ» ГАЗЕТІНЕ – 10 ЖЫЛ
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Балқаш қалалық «Северное Прибалхашье» газетінің ақпарат айдынына келіп қосылғанына 10 жыл толып отыр. Қалада орыс тілді «Балхашский рабочий» газетін жекешелендіріп алды. Демек, билікке қарамайды. Сондықтан, аталған газет өмірге келді.
Қашан да журналист маман­дықтары тапшы, соған қарамастан газеттің іргетасы қаланып, шын жанашырлар табылып, аяғынан тік тұра бастады.
– Бұл күнде газет өз оқырман­дарын тауып үлгерді. Облыста қала, аудандар ішінде аптасына екі рет 8 беттен шығып тұратын біздің «Северное Прибалхашье», содан соң «Балқаш өңірі» газеті. Газет жаны­нан «Достар» атты журнал шығарылады. Журнал жастар өміріне арналған. Газет 2010 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығына ие болды. Ал, 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал, өткен жылы Қазақстан Журналистер одағының арнайы сыйлығына ие болды, –дейді газеттің бас редакторы Береке Ғалиқызы Шалова.
Ал, былтырғы жылы «Қазақмыс» корпорациясы» БАҚ өкілдері ара­сындағы шығармашылық бәсеке­лестікте озық үлгі көрсете білген газет ұжымына бірінші орынды беруді ұйғарды. Жап- жас ұжымның 10 жыл ішіндегі осындай шығармашылық жетістіктері көңіл қуантады.
Газет ұжымын Бал­қаш қала­сының әкімі А.Аглиулин, оқыр­мандар арнайы құттықтап, шығар­машылық табыс тіледі.
Әріптестерімізді мерейтойымен құттықтап, қаламдарыңыз ұштала берсін демекпіз.

Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 262
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px