Шаттық сыйлаған шара - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Шаттық сыйлаған шара
Балаларды қорғау күні қарсаңында облыстағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған шара «Сарыжайлау» кинотеатрында өтті.
Жастар ресурстық орталы­ғы­ның  директоры Ақжол Құр­ман­сейітов балаларды мерекелерімен құттықтап, жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тілек білдірді. «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Рымбала Омарбекова жылы лебізімен бөлісті. Бұдан кейін балалар 3D форматта мультфильм тамашалады. Олар үшін көңілді бағдарламалар, ойындар ойнатылып, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының актерлері қойылым ұсынды. Балалар мерекелік көңіл-күйді сезініп, бір жасап қалды. Акция соңында 104 балаға сыйлықтар, тәттілер табыс етілді.     
Мадина АЙАП,
ҚарМУ-дың 2 курс
студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 530
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px