Шырайлы шаралар - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Шырайлы шаралар
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Бірлік пен ымыра мерекесінің қарсаңында қазыналы Қаражал-Жәйрем өңірінде де біршама шырайлы шаралар өткеріліп, жұртшылықтың жүрегіне жағымды әсер ұялатты. Мереке болмысымен үндес ұтымды әрекеттердің әлеуеті 1 мамыр күні одан әрі айғақтала түскені анық.
Қаладағы атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, мереке қарсаңында қолға алынып, елдің көңіліне аса қонымды болған шараның бірі – мекеме-кәсіпорындар тарапынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға нақты көмек көрсетілуі. Бұдан тысқары, тақырыптық мазмұндағы кітап көрмелері, әдеби кештер, түрлі сипаттағы кездесулер мен қабылдаулар, жастарға арналған мәдени-сауық бағдарламалары да – тартымды әрекеттер қатарында.
Дәл мереке күні өткізілетін іс-шаралардың да мазмұны терең, мағынасы мәнді, бояуы айшықты болды. Қаланың орталық алаңында іргелі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Бір мақсат! Бір мүдде! Бір болашақ!» театрландырылған қойылымы мен «Қазақстан – ынтымақ пен достықтың киелі бесігі» тақырыбындағы концерттік бағдарлама мерекеге шырайлы рең енгізді. Кешкілік мерзімде өткізілген жалпыхалықтық серуен бағдарламасы да бастапқы іс-шаралардың мазмұнын байыта түсті.
Осындай сипаттағы жүйелі жоспарланып, өнегелі мазмұнда өткерілген шаралар легі Жәйрем кенті тұрғындарының мерекелік көңіл күйіне де оң әсерін тигізді.  
ҚАРАЖАЛ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 161
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px