ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛУДА - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА  ШАҚЫРЫЛУДА
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Балқаш қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде қазір қарбалас шақ. Мұнда көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу басталды. Болашақ жас сарбаздар психоневрология, тері-венереология, өкпе-құрт ауруларына қарсы бақылаудан қатаң түрде өткізілетін болады.
Ел тыныштығын күзету, азаматтық борышын өтеу әрбір жас-өспірімнің борышы. Қазір кешенді түрде ұйымдастырылған дәрігерлік комиссия осы мақсатта іске кірісіп кетті. Жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бірлестік қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Биылғы көктемгі шақырылымда 134 бозбала әскер қатарына алынады деп күтілуде. Мұның ішінде біразы шекара, ұлттық гвардия саласында қызмет ететін болады.
Көктемгі әскерге шақыру енді басталды. Әскер қатарына аттанатын болашақ сарбаздардың дәм-тұзын үйден жазсын деп тілейік.

Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 160
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px