Әскери оқу орындарында – жаңа мамандықтар - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Елімізге әлеуетті әскер және сенімді қорғаушылар керек! Осыны көздеген біздің мақсатты аудиториямыз ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орнына (бұдан әрі – ЖОО) оқуға түсуге еліміздің патриоты болатын рухы мықты үміткерлерді шақырады.

Курсанттардың әскери оқу орнына түсуі – ұйымдастырушылықты, тәртіпті, ерлікті, байсалдылықты, адамгершілік пен психологиялық жағынан жағымды тәрбие мектебінде адамды қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда әскери қызметті өткеру үшін барлық жағдайлар жасалған. Әсіресе, Қарулы Күштерді жасақтаудың негізгі ресурсы болып табылатын жас офицерлер үшін әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз етудің жоғары деңгейі олардың мәртебесін көтеріп, жақсы жағдайға жеткізді.

ҚР Қарулы Күштерінде болашағын әскери қызметпен байланыстырған жас офицерлердің мұқтажын пәтермен қамтамасыз ету, тұрақты еңбекақы, сондай-ақ, олардың өздерімен қатар отбасын медициналық қамтамасыз етуді мемлекет тарапынан жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Отанды қорғау мүмкіндігіне ие болу – құрметті міндет. Біз – бейбіт елміз. Өзге елдерге қоятын талабымыз жоқ. Алайда тәуелсіздігімізді, өзіміздің шекарамызды қорғау үшін республикамызда жоғары жұмылдырылған, жақсы жасақталған әскер және сенімді, жан-жақты дайындалған Отан қорғаушыларымыз болуы керек».

Әскери оқу орындары мен мамандық атаулары:

1. Құрлықтағы әскер әскери институты

– Әскери істегі менеджмент;

– Әскери ұжымда әлеуметтік және идеологиялық жұмыстар;

– Әскери істегі логистика;

– Әскери істегі инженерлік жүйелер мен желілер;

– Әскери істегі дене шынықтыру мәдениеті мен спорт;

– Әскери істегі юриспруденция

2. Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

– Мемлекеттік авиацияда әуе техникаларын жазғы пайдалану;

– Мемлекеттік авиациядағы авиациялық техника мен технологиялар

3. Радиоэлектроника мен байланыстың әскери-инженерлік институты

– Әскери істегі радионавигация;

– Әскери істегі радиотехника және инжиниринг;

– Әскери істегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар;

– Әскери істегі автоматизация және басқару;

– Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйе;

– Әскери медицина

4. ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы

– Әскери істегі кіші звенолар менеджменті

Әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниеті барларға толық ақпарат алуға Пригородная-7 көшесінде орналасқан Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады. Телефоны: 8(7212)56-17-58, Терешкова аялдамасы.

 

Қазыбек би атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 367
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px