Түлектер үмітті ақтады - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Түлектер үмітті ақтады
Биылғы соңғы қоңырау Жақып Ақбай атындағы мектебіміздің түлектері үшін ерекше болды. Олай дейтін себебіміз, осы оқу жылы Алаштың үш арысы Әлихан Бөкейханның 150, Жақып Ақбайдың 140, Әлімхан Ермековтің 125 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Салтанатты  шарада түлектеріміз алтын ұя мектептеріне, ұстаздарына алғыстарын айтты, концерттік бағдарлама арнады. Жиналғандар ақ тілектерін білдіріп, сәт сапар тіледі. Мерекелік іс-шара спорттық сайыстарға ұласты. Бұл күні білім ордасының  2005-2006 жылғы түлектері арнайы келіп, түрлі сайыстар өткізуге ұйытқы болды. Шағын футбол, волейболмен қатар, ауылдар арасында көкпар тартыс ойыны да ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.  
Тұңғыш заң магистрі атындағы мектептің түлектері артқан үмітті ақтады. Түлеп ұшқан тоғыз түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Мектеп аудан көлемінде үздік үштікке енді. «Көп түкірсе – көл» дегендей, көпшіліктің ақ батасы мен пейілі де сеп болғаны сөзсіз.  

С. ЖҰМАДІЛОВА,
Ж.Ақбай атындағы мектеп директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 328
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px