ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУДА - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУДА
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Мал шаруашылығын асылдандыру Ақтоғай ауданында тұрақты түрде қолға алына бастады. Шаруа қожалықтары мемлекет ұсынған қаржылық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда. Мәселен, Тораңғылық селолық округіндегі «Алтын Мирас Агро» серіктестігі ірі қара тұқымын асылдандырумен біраздан бері шұғылданып келеді.

Серіктестік «КазАргоФинанс» қар­жыландыру қоры арқылы 55 асыл тұқымды құнажын сатып алған болатын. Әрине, қаржының қайтарымы болуы керек. Демек, несиеге алып отыр. Белгіленген мерзімге дейін малды асылдандырып, өз төлі есебінен өсіріп, мемлекет қаржысын қайтарады. Нәтиже жаман емес. Жетекшінің негізгі ойы – шаруашылықты бірыңғай асыл тұқымды серіктестікке айналдыру.
Сондай-ақ, «Сәт» шаруа қожа­лығы жылқы, ірі қара малын асылдандыра отырып, өсіруді ниет етуде. Өткен жылы осы шаруа қожалығы «Балқашсүт» кәсіпорнына жаз бойы сүт тапсырды. Сол мақсатта 40-тан астам сиыр сауып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете алды. Округтегі «Науан» шаруа қожалығы да мал тұқымын асылдандырумен шұғылданады. Ата-бабамыздың кәсіби мұрасы ретінде қалыптасқан төрт түлікті өркендету, өз төлі есебінен өсіру осылайша жаңа биікке көтеріліп келеді.

Ақтоғай ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px