Таным аясы кеңейді - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Таным  аясы кеңейді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жақында Жаңаарқа ауданына арнайы атбасын бұрған облыстық ақпараттық-насихат тобы С.Сейфуллин атындағы кітапханада дәстүрлі діннің құндылықтарын насихаттау, діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу, жастардың діни сауатын ашу мақсатындағы  оқыту семинарын  өткізді.

Ауданда құрылған діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, жастар көшбасшылары, дінтану пәнінің мұғалімдері қатысқан семинарда Қарағанды облысы орталық мешітінің ұстазы Мұхит Жәрімбетов пен облыстың конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығының инспекторы Мұрат Мұстафаев дәріс оқыды.
Мақсаты – маңызды жиынға қатысушылар әлеуметтік желілердегі уағыздар, мектептердің  9-сыныптарында факультативті түрде өтетін дінтану пәнінің деңгейін көтеру, діни сипаттағы теріс ағымдардың әрекетті және өзге де өзекті мәселелер бойынша өз сауалдарын қойып, оларға орнықты жауаптар алды.
Семинар соңында Жаңаарқа ауданының бас имамы Б.Нұрғалиев облыстық ақпарат-насихат тобының мүшелеріне жұртшылықтың діни тұрғыдағы таным өресін кеңейтуге қатысты жүргізген нәтижелі жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 290
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px