Тазалық – басты назарда - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тазалық – басты назарда
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Көктемгі екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары Қарқаралы ауданында белсенділікпен жүзеге асты. Атқарылған іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес жүргізіліп, екі айлықта 9 рет «Таза бейсенбі» және 9 рет сенбілік күндері ұйымдастырылды. Оның ішінде, 2 рет облыстық, 2 рет аудандық сенбілік өтті.

Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстарына барлығы 1720 ұжымнан 18 мыңнан астам адам қатысты. 720 гектар аумақ тазартылды, 248 ағаш кесіліп, 2605 түп ағаш және 284 түп көшет отырғызылды.
Аудан әкімінің тапсырмасымен отырғызылған ағаштарды суару қала басындағы мекемелерге жүктелген.
«Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарқаралы ауданы бойынша бір күндік сенбілікте 700 түп ағаш отырғызылды.
«Таза өзен» акциясы негізінде өзендерді тазалау жұмыстары Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ селосы, Аппаз, Нұркен, Матақ, Томар және Татан ауылдарында жүргізіліп, барлығы 6 тоннадай қоқыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Жалпы,  аудан көлемінде 23 мың тоннадай күл-қоқыс шығарылды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 322
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px