Тазалық ұдайы назарда - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тазалық ұдайы назарда

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,                                                                    
    «Орталық Қазақстан»
                                              
       Өзің тұрған қаланың таза болуы жан дүниеңнің тазалығымен де орайласып жатады. Тазалық ауладан басталады. Сондықтан, әркім қала тазалығына үлес қосып, бүкілхалықтық шарадан тыс қалмауы шарт. Таза жерде жүрсең жан-тәнің семіреді, көңіл күйің асқақтайды. Мұның денсаулыққа да тікелей қатысы бар.

Балқаш қаласында екі айға созылған тазалық айлығы аяқталды. Тазартылған аймақтың көлемі 3 мың гектарды қамтиды екен. Қаладағы студент жастар, әр мекеме ұжымы тазалық айлығына белсене қатысып, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Көл жағасы – жазғы дем алатын орынның ең бастысы болып табылады. Жылма жыл «Таза жағалау акциясы» жарияланып, нәтижелі жұмыстар атқарылады, биыл да солай болды. Көл жағалауы тазартылды, әрбір көше, саябақ, аулалардың тазалығын бақылайтын арнайы белсенді топ құрылып, іске кірісті. Биылғы тазалық науқанына 236 техника тартылып, толық қуатында жұмыс жасады. Қаланы жасыл желекке бөлеу күн тәртібінен түспейді. Биыл 335 ағаш көшеті отырғызылып, баптап күтілуде.
                                                                                                            
                        Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 477
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px