Әуе күштерінің салтанаты - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Әуе күштерінің салтанаты
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Отанымыздың берік қорғаныс қуаты тікелей авиациялық әскери ұжымға да байланысты. ҚР Әуе Күштері Қорғанысының Балқаш гарнизоны өздеріне тиесілі атаулы мерекені салтанатты жағдайда атап өтті. Балқаш қаласы маңындағы жанар-жағармай материалдары бөлімшесіне 80 жыл, 53898 никопольдік Александр  Невский орденді авиациялық бөлімшенің құрылғанына 78 жыл толып отыр. Кейінгісі негізінен оқу-жаттығу мақсатына арналған.
Бұл әскери ұжым 1938 жылы Ресейдегі Могилев қаласында құрылған. Негізгі мақсаты – әуеде барлау жүргізу. Авиациялық полк Фин, Ұлы Отан соғысында ауқымды жұмыс атқарды. Сондай-ақ, ауған соғысында да осы әуе күштері талай рет дұшмандарға соққы берді.
Салтанат кезінде Балқаш гарнизонының бастығы Асқар Ізбасов ҚР Қарулы Күштері жетекшісінің бұйрығын оқып, бір топ әскери қызметшілерге марапаттар тапсырды. Ал, жанар-жағармай басқармасын құру жөніндегі қаулы 1936 жылы шыққан. Әскери техниканы жанар-жағармаймен тұрақты түрде қамтамасыз ету белгіленген қатаң талапқа сай жүргізіледі. Әскери бөлім бұл күнде өзінің дәстүр-салты қалыптасқан ірі ұжым.
Түпкі мақсат – Қазақстан әскерінің бұлжымас имиджін қалыптастыру, озық әскери технологияны жете меңгеру, ғылым жетістіктерін өмір жүзеге асыру.

Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 135
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px