Қыран қазақ - қонақта - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мамандандырылған «Мұрагер» мектебі үшін мамыр айы сәтті басталды. Айдың басында мектебімізге қазақ халқының мақтан тұтар перзенті, ұлы тұлға Тоқтар ӘУБӘКІРОВ  қонаққа келді.

Сыйлы қонақты асыға күткен мектеп ұжымы бір кісідей тік тұрып, үлкен ілтипатпен, қошеметпен қарсы алды. Ірі тұлғаны көзімен көрген оқушылар жан тебірентер ерекше сезімді бастарынан өткерді. Оқушылар қаһарман аталарының ыстық  алақанын  ұстап, ерекше сезімге бөленді. Әсем әуен шырқалып, мың бұралған бишілердің биі тамашаланды.

Ғылыми жоба қорғау сайыстарында  үлкен жетістікке жеткен оқушылар өздерінің жобаларымен таныстырып, ой бөлісті. Тоқтар аға өз пікірін айтып, оқушылар жұмысына баға берді. Ғылым жолына түсіп, робототехниканы меңгерген оқушыларға ағамыз келешекте  биік жетістіктерге жетіп, өнерлерін шыңдай беруіне сәттілік тіледі. Аға құрметіне арнайы көрме ұйымдастырылды.

Ғарышкер аға жиын залында күтіп отырған ата-ана, ұстаздар және оқушылармен жүздесті. Оқушылар көкейінде жүрген ойларымен бөлісіп, Тоқтар ағаның өз аузынан сұрақтарына жауап алды. Ғарышкер қызықты деректермен, ойларымен бөлісті.

«Ұлылардың ұлағатын ұмытпау – ел боламыз деген халықтың тарих алдындағы парызы» деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің мәңгілігіне жол салған ғарышкер танымын, ақыл-кеңесін оқушылар бойына сіңірді. Кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар тілектерін тілеп, ғарышкер ағамен естелік суретке түсті. Орайы келген бұл кездесудің балалардың жан дүниесіне үлкен әсер еткені жанарларынан көрініп-ақ тұрды.

Сая ӘБДІЛДИНА,

Мамандандырылған «Мұрагер»

мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 308
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px