Қыруар қаражат қажет - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағандының білім беру мекемелерін жөндеуден өткізуге қыруар қаражат қажет. «Е Караганда» сайтының мәлімдеуінше, бұл мәселе қоғамдық кеңесте талқыланды.

Тексеріс барысында қала мектептерін жөндеу үшін 2016 жылға 78 млн. теңге бөлінгені анықталды. Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қабдығали Оспанов бұл соманың тым аз екендігін алға тартады. Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Дулат Жекебаев қаржының 4 нысанды  жөндеуге бөлінгенін айтты. Олар: №53 мектеп ғимаратының шатырын жөндеу, «Мөлдір», «Алтынай», «Балапан» балабақшаларын жөндеу жұмыстары. Бірақ, шын мәнінде жөндеуді қажет ететін нысандар саны әлдеқайда көп. 16 нысан 1 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі қаржыға күрделі жөндеуді қажет етеді. «Жөндеуді уақытылы жүргізбеген жағдайда, мәселе одан бетер ушығады. Демек, бұл мәселені шешу үшін қаржыландыруды арттырудың өзге де жолдарын табу керек», – деді қоғамдық кеңес мүшелері. 

Айнұр АСЫЛБЕКОВА,

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенті.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 153
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px