Үздік отбасы анықталды - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
Елімізде отбасы мәртебесін көтеріп, әр үйге тән өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауын ұйымдастыру жыл сайынғы дәстүрге айналды. Осыған орай жуырда Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ұлттық байқаудың қалалық кезеңі өткізілді.
Қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Аяулым» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өріс алған байқауда 9 отбасы бақ сынасты. Байқау салтанатына жиналған қауым жас отаудың шаңырағын көтерген А.Тө­леуов пен А.Тынымбекованың неке қию рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, 25 жыл отбасының қызық-қуанышына кенелген Күміс той иелеріне құрмет көрсетілді. Ұлттық байқауға қатысушылар арасында көп балалы отбасылар қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Сахна төрінде өздерінің өнеге өрісін танытып, өнерлерін ортаға салған әр шаңырақ иелеріне тиісті бағалары  берілді. «Жүректер үйлесімі», «Татулығы жарасқан» және «Көрермендер көзайымы» сияқты номинацияларымен қатар жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындар белгіленді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бас жүлдесін Әбеновтер отбасы еншіледі. Бұл отбасы енді облыстық сайыста кеншілер қаласының намысын қорғайтын болады.
СӘТБАЕВ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 155
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px