Үздіктермен үзеңгі қағысты - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жуырда Астана қаласында Бас редакторлар клубы Еуразиялық топтың қолдауымен қазақ тілді журналистер арасында өткізілген дәстүрлі VI «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Аймағымыздың атын жықпай, әріптесіміз –

Әшімхан ЖАНПЕЙІСОВ айтулы додадан абыроймен оралды. Сонымен...

 

«Үздік мақала» номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынды әріптесіміз «Қазақстан» РТРК Қарағанды облыстық филиалының журналисі Әшімхан Жанпейісов жеңіп алды. Алты жылдан бері жалғасып келе жатқан аталмыш байқауға бұл жолы республикалық және өңірлік басылымдардың, сондай-ақ, теледидар, радио және интернет жарияланымдарының 37 журналисі ниет білдіріп, 133 мақала мен видео-аудио материалдарын жіберген екен. 22 тілшінің 57 материалын талапқа сай деп танып, қара қылды қақ жарған комиссия талқысынан сүрінбей өтіп, еңбегіне сай оң бағасын алған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Тарландармен топқа түсіп, үздіктермен үзеңгі қағыстырған Әшімхан мырза «Үздік сюжет» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Абырой.

Байқаудың негізгі басты мақсаты – Еуразиялық топ кәсіпорындарында жұмыс істейтін, өндірістегі қарапайым еңбек адамдарын бүгінгі бейбіт заманның қаһармандары ретінде үлгі етіп, насихаттау.

Шарада сөз алған «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әріптестерді жүлделерімен құттықтап, үнемі сөз майданының алдыңғы шебінде жүріп, халыққа шынайы ақпарат жеткізуді кәсіп еткен алтын қалам иелеріне жүрекжарды тілегін жеткізді.

Әріптесімізге шығармашылық шалқар шабыт тілей отырып, қаламынан қарым, қабілетінен дарын айнымауын тілейміз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2423
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px