Жөнсіз жарнамаға жаза бар - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жөнсіз жарнамаға жаза бар
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Жарнаманы жөн-жосықсыз жапсырғандар жазаға тартылады. Бүгінде Қарағанды қаласында тәртіп бұзушылармен қарқынды күрес жүруде.
Қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметі бұл істі біріге жүргізуде. Жыл басынан бері жарнама қағаздарын арнайы тақталарға ілмеген 500-ден астам тұлғаға айыппұл салыныпты.
Айыппұл сомасы – қомақты. Жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК (42420 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК (63630 теңге) мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Сондықтан, жарнама жасарда абай болыңыз. Үйдің бұрышына іліп кеткен бір жапырақ қағазыңызды қолына ұстап, учаскелік инс­пектор келіп тұрса, таң қалмаңыз.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 146
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px