Жұртына тиіп пайдасы... - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жұртына  тиіп пайдасы...
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

«Бай болсаң, жұртыңа пайдаң тисін». Қымбатшылық кезеңінде кәсіпкерлеріміз халықтың тұрмысына қарайласуда. Кеше Қарағандыда тегін нан тарату пункті ашылды.
Нысан Ермеков көшесіндегі «Рахмет» қайырымдылық дүкенінде орналасқан. Мұнда Қарағанды нан комбинатынан 20 бөлке нан жеткізіліп тұрады. Жобаға ұйытқы болған Мұрат Әбиев осы тәсіл арқылы тұрмысы төмен отбасыларды нанмен қамтуды көздеп отыр.
Кәсіпкер бұрын тап осындай екі нысанды Шахтинск қаласында іске қосқан екен. Келешекке деген жоспары да көңіл қуантады. Бұйыртса, дүкен сөрелерін ұн, қант, жұмыртқа сынды әлеуметтік маңызды азық-түлікпен толтыруды ойластыруда.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 332
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px