Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Тәслима ҚҰРМАНСЕЙІТОВА,

«Орталық Қазақстан»

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Жаңаарқа ауданының ауылдық мекендерінде де кең көлемде аталып өтті. Соның айшықты айғағының бірі – Мұқажан Жұмажанов селолық округіндегі ұйымдастырылуына ауыл тұрғындары бір кісідей үлес қосқан «Наурыз – думан» атты мерекелік іс-шара болды.

Ақ шаңқан киіз үйлер ажарын ашқан орталық алаңға жиналған жұртшылықты аудан әкімі мен ауданның өкілетті органының атынан аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Жұмасейітов, ауыл ақсақалдары алқасының мүшесі Қ.Есжанов, осы ауылдың іргетасын қалаған М.Жұмажановтың ұлы Е.Жұмажанов және басқалары шынайы пейілмен құттықтап, бірлік, құт-береке тіледі.

Молшылықтың ырым-жоралғысындай болып қабылданған наурыз көже мен арнайы сойылған жылқы етінен ауыл халқы мен қонақтары түгелдей дәм татып, мерекелік бағдарлама аясындағы іс-шараларды мерейлене тамашалады. Аударыспақ, қaол күресі, кір тасын көтеру, түйе балуан бәсекесі секілді ұлттық спорт ойындарының, сондай-ақ, отбасылық эстафета бойынша сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Лотореялық ұтыс билеттері ойнатылып, бағы жанғандар бағалы заттарды иеленді.

Мерекелік жәрмеңкеде жерлестеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрін арзандатылған бағамен ұсынған «Данияр» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Орынбасарова ауылдастарының риясыз пейілі мен алғысына бөленді.

Қалың қауымды ерекше серпілткен әсерлі іс-шаралар жастардың би кешімен түйінделді.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 735
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px