Жастар жасақтары жұмысқа дайын - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Жастар жасақтары жұмысқа дайын
Жансая ОМАРБЕКОВА,
«Орталық Қазақстан»

Жаз шыға жанданатын студенттер мен жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы өткен аптада қалалық әкімдікте талқыланды. Жастар биыл да еңбекке белсене араласпақшы. 16 жастан асқан қыздар мен жігіттер үшін бұл қаражат көзі.
Облыстағы жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы Нұргелді Омархановтың айтуынша, студент жастарды жұмысқа тарту сәуір айынан басталған.
– Былтыр еңбек жасақтарында 254 адам жұмыс істеген болатын. Биыл да осы межені көздеп отырмыз. Әр қатысушы 35-40 мың теңге көлемінде қаражат табады,– деді ол.
Айта кету керек, ақша табудың мұндай мүмкіндігі еліміздің барлық аймақтарда жоқ. Қаржылық жағ­дайға байланысты студенттерге төленетін қар­жы қысқартылған көрінеді. Біздің жастар бұл жағы­нан алаңдамаса да болады. Жергілікті және респуб­ли­калық бюджеттен бөлінген қаржы олардың жаз мез­гіліндегі жұмысына жеткілікті. Бірақ, оңай ақша табамын деушілер қателеседі. Еңбекке араласқандар алты сағаттық жұмыс күнін өткізіп, белгіленген жұмыс нормасын орындауға міндеттеледі.
«Жасыл ел» жасақтары жұмыс істеген он бір жыл ішінде 300 мың ағаш отырғызып, 2500 гектар жер өңдеді. Бұл – осы уақытқа дейін қатысқан 12 мыңнан астам адамның еңбегі. «Жас келсе – іске» деген осы емес пе?!

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 527
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px