Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Поэзия

Материалдар категориясында: 250
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 24 25 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
17.05.2016


Өзегің – әлімсақтан өлең селі,
Бөледі қалай біреу менен сені?

 пікірлер: 0
 оқылған: 378
30.04.2016

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз.

Судан-суға шүйгумен,

Көлден-көлге қоныңыз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 755
21.04.2016

Мерейім - Сендер
Қайнаған астың дәмі сорпасында,
(Жаратқан «жорт» деген соң жортасың да).
Алла деп 60 жасты қарсы алып,
Отырмын ауылдастар ортасында.

 пікірлер: 0
 оқылған: 397
19.04.2016

Кітапханада

 пікірлер: 0
 оқылған: 335
12.04.2016

Қарағанды,
Вокзал алды абат гүл,
Азан-қазан бай мен кедей, жалақ құл.
Қаныш көкем қара жұрттан
                                          қара үзіп
Күншығысқа қарап тұр.

 пікірлер: 0
 оқылған: 414
12.04.2016

Әлиханның Айдан биік арманы,
Әлімханның Күннен биік талғамы,
Толғатқанда, –
Қарқаралы орманы
Тоқтар туып, Жер мен Көкті жалғады!

 пікірлер: 0
 оқылған: 350
09.04.2016

«...Алаштан ақын болып туу – азап»
"Сөз деген – киелі"* деп ойлап қалып,
Тылсым бір сезімдер мен
                                       ойды ақтарып;
Осынау жерде, ойхой, заманында,
Өтті ғой  Өтежан** да ойнақ салып.

 пікірлер: 0
 оқылған: 351
29.03.2016

Егіз өрім

(Мұқағали МАҚАТАЕВҚА)

 

Ірке алмаймыз көбіне, іш тарлықтың тасқынын,

Қызғаныштан қырқа шалу, әттең-әттең басты мұң.

Бойымызда осындай бір қасірет бар жандармыз,

Көбінесе көре алмайтын, жақсылығын жақсының.

 

Талай дарын жайсаңдарды тартып

тағдыр құрбанға,

Дұрыс дедік, Біржан салды Поштабай

кеп ұрғанда.

Бөтен емес, туған-туыс, ағайын-жұрт жиналып,

«Жынданды» деп, қылбұрауды салдық

келіп Біржанға.

 

Әттең дейтін өткен шақта, аз болған ба кезіміз,

Баурымыз езіледі, көрмегенмен көзіміз.

Туған жерден сая таппай өткен Мәди атамды,

«Бұл банды» деп, басын оққа байлаған да өзіміз.

 

Арын таптап, «алқаш» дедік, Мұқағали дарынды,

Тірісінде атқа теріс, мінгіздік сол нар ұлды...

Бір дос таппай дал болған ол, жігітінен қазақтың,

Мұңын шақты Фаризаға түсінер деп жанымды...

 

 

♦ ♦ ♦

 

Ойың терең, өлеңдерің өткір-ақ,

Сол өлеңде өкініштер көп бірақ...

Оқығанда жырларыңды жан Аға,

Мазалайды неге деген, көп сұрақ.

 

Оқыса да жалындаған жырыңды,

Ұғынар жан аз болған ба сырыңды?

Болмады ма бір азамат түсінер,

Неге шақтың Фаризаға мұңыңды?..

 

Қуансаң да бақытына басқаның,

Тағдырға солай, қамықты неге жас жаның?

Тіршіліктің теперішінен келді ме,

Қайыңмен аға, жаныңды айырбастағың?..

 

О, жан ағам, адалдық еді-ау мәңгі арман,

Әділдік тостың арайлап атқан таңдардан.

Елеместен ешкімнің ессіздігін,

Жылылық күттің айналаңдағы жандардан.

 

Өкінішке орай, күндестік кезеп кездігін,

Оңбағандардың опасыздығын сезді кім?..

Асылды нағыз жасыққа теңеп күндеді,

Дарынсыз өңкей көре алмай жүрген өз күнін.

 

Қиналған кезде, шараппен жаздың жаныңды,

Мәңгүрттер жатты, саудаға салып арыңды.

Көреалмаушылық қанына сіңген надандар,

Мазалап бақты-ау, жазалап бақты-ау дарынды...

 

Сонда дағы сүрініп құламадың,

Тебірентіп, теңселтіп жыр алаңын.

Іштері тар, көрсоқыр жамандарға,

Жалындаған жырыңмен ұнамадың.

 

Қасымның да жауһар ғой, жыры бүгін,

Тағдыры бір асылдар сырын ұғын.

Әммәсінен Қасымның десі басым,

Дегенің – нағыз, нағыз ұлылығың!

 

Уақыт өтті, халқың берді бағасын,

Болдырмас мәңгі, жыр тұлпар болып шабасың.

О, жан ағам, түйсігінде ұрпақтың,

Қызыл тілдің дүлділі болып қаласың!

 

 пікірлер: 0
 оқылған: 501
17.03.2016

Ілкідегі біраз уақыт бұрын қазақтың қайратты бір азаматы жер-көкті қопарып жүріп Сақ бабаның алтын доғабасты белбеуін тапты. Сөйтіп, оны сапарлас болып жүрген қаламгер досының қолына ырым етіп ұстатты...
                                         АВТОР.

 пікірлер: 0
 оқылған: 557
12.03.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ   
Жас ақын Мирас АСАНҒА

Жас ақын, жаны қалмай
        сыйласатын,
Жақсы адам –
Жамандыққа қимас атын;
Мағжан, Қасымдардың
        заманынан,
Келді бір бізге, міне,
        Мирас ақын.

 пікірлер: 0
 оқылған: 448

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1252
count 88x31px