Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Поэзия

Материалдар категориясында: 250
Көрсетілген материалдар: 21-30
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 24 25 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
10.03.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ   
Түркия
Ұшайыншы аспаныңды
                               шарлап бір,
Құшайыншы теңізіңді
                              жалдап бір;
...Еуропаға қойып қойған            Інжуім,
Адамзаттың көзін, әне,  
                                 арбап тұр!

 пікірлер: 0
 оқылған: 426
05.03.2016

Серік  АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Спарта әйелдері
(Анам Һалифаға)

Гүлстандағы бейне гүл,
Болмысы бөлек,
Әлемі –
Спарта деген жерде бір
Әйелдер болған әдемі.

 пікірлер: 0
 оқылған: 448
05.03.2016

«Арулар – тіршілікке күретамыр...»

 пікірлер: 0
 оқылған: 620
25.02.2016

Аманкелді Кеңшілікұлына

 

Бізді ылғи бір оқиға еліктірді,

Көргенде мұздай көңіл еріп тұрды;

Бір күні Алматының көшесіне,

Бір жақтан Бір Салт Атты келіп кірді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 459
23.02.2016

Көкше теңіз...

 

Көкше теңіз...

Жалаң аяқ жағаңды көп кешеміз.

Алшаң басып, жұртқа асқақ көрінгенмен,

Біздің де шылқып жүрген жоқ шекеміз.

 

Көкше теңіз...

Күнде кетіп жатса да көпке есеміз...

Жалымызды (жығылған) күдірейтіп,

«Бөрі арығын білдірмес» деп бөсеміз.

 

Жараланбай...

Шақтар-ай, шалқып ұшқан шағалаңдай.

Бастағы бәскіл күйді кім ұғады,

Қаһандай қапаланған қамал алмай.

 

Ақ айдыным...

Саған келсем сейілді талай мұңым.

Толқыныңдай жағаңда толқып тұрып,

Жанымның жамыраттым арай-нұрын.

 

Жерінбедім...

Сенен тапты күйреуік көңіл де емін.

Тұнығыңды лайлады Адам сенің,

Тұнығымды лайлады Өмір менің.

 

Іріні іздер...

Ести ме екен дариға-ай, үнімізді ел.

Қамысыңдай жайқалып тұрамыз да,

Барысыңдай құримыз түбі біздер .

 

Көкше теңіз...

Тірлікте жақынды жау... дос та етеміз.

Жағасында жалғанның Сен қаласың,

Біз өмірге бос келіп, бос кетеміз...

Көкше теңіз...

 пікірлер: 0
 оқылған: 539
09.02.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Сейілдің гитарасы

 пікірлер: 0
 оқылған: 385
02.02.2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Төрт  шырша
Қарқаралыда,
Жиренсақал тауының
Етегінде, егіліп бір, бауырым,
Топырағына  –
(Құдайдың мол құнары), –
Төрт шырша еккім келеді  тұрады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 377
28.01.2016

Светқали Нұржанға

Жарық-Қали!

Атыраудан шыға сала алқынған,

Каспийдің кең айдынында

бір найзағай шарқ ұрған;

Маңғыстауға жасын түсті сол күні,

Жаралдың сен сондағы бір жарқылдан!

 пікірлер: 0
 оқылған: 606
26.01.2016

Аспанда –

Жеті жұлдыз –

Жеті Қарақшы, –

Даңқына бұл шіркіннің қанық құлақ,

Ел оны туған бетте танып тұрад;

Есімі ерсілеу боп көрінгенмен,

Өздері көп жұлдыздан жарық, бірақ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 485
23.01.2016

Өмірде ойлап қарасам –көп ақын,

Абай ата – жүрегіме ең жақын.

Өмірін арнап, ілім менен білімге

Түсіндірген әр адамға сөз парқын.

 пікірлер: 0
 оқылған: 531

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px