Ақша мен жемқордың ариясы - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

– Бөтен қолға тап болсам,

не етер едің?

– Оның қолын жібермей

өбер едім.

– Шашылып жерде жатсам,

не етер едің?

– Қапелімде қап ұстап жетер едім.

– Қалтаңа түспей қойсам,

не етер едің?

– Түспей қойсаң, түнімен жөтелемін.

– Алыста-а-ан қол бұлғасам,

не етер едің?

– Атпен шауып артыңнан жетер едім.

– Басыңа бәле болсам, не етер едің?

– Өзім де сол бәлеңнен бетер едім.

– Қызметіңнен қуғызсам,

не етер едің?

– Майлы жерге ауысып кетер едім.

– Темір торға тоғытсам,

не етер едің?

– Шығарып алады ғой көкелерім.

– Онда... онда... қойшы, сәулем,

бәрін де көтеремін!

– Енсең болды сейфіме жеке менің.

 

Бұлан ЖАПА.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 724
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px