Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Светқали Нұржанға

Жарық-Қали!

Атыраудан шыға сала алқынған,

Каспийдің кең айдынында

бір найзағай шарқ ұрған;

Маңғыстауға жасын түсті сол күні,

Жаралдың сен сондағы бір жарқылдан!

 

Ақсораңды ала жаздай қар алып,

Қара нөсер – қара бұлт;

Жүрегіне тиген оқтан Сәкеннің –

Ғалым Жайлыбай жаралып!

 

Зар заманның бұзып қара бұлтын да,

Жоқтан – бар боп, оттан шықты ұлтым да;

Қалың түрік Алтайды асып,

қозғалғанда ұлы көш, –

Ұлқаш* қалды – жұртында!

 

Өлең деген – өртке салу қу жанды!

Өлеңшіге ғана той мен думан-ды;

Ауытың да* Құлжада емес, аңырап –

«Елайрылған» деген күйден туған-ды!

 

Көшті көрсе, көзі жасқа толады,

Қазақпен бір қаңғырып жүр ол әлі!

Қасіреттен туған шерлі ақынның,

Қайтсе де бір қасиеті болады.

 

*Ұлықбек Есдәулет

*Ауыт Мұқитбек

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 746
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px