Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Серік Ақсұңқарұлы
Қайран, Ахаң
Ахаң кетті-ау, көрсетпей  қарасын да,
Қалған қара қазақтың бәрі – осында.
Алла ғана тұр қазір, біздер   жоқпыз –
Ақселеу мен Алаштың  арасында.

Көзге Алаштан басқаны қара көрмей,
Кеткен боздақ қайтсе де  қалар өлмей!
Құлағына ғаламның бір жетерсің,
Қазақтағы ғажайып қара  өлеңдей!

Қайран, Ахаң, қош, арда Алашұлы,
Әлиханның ең соңғы жан  ашуы!
Жидебай мен Қараойдың  шырақшысы ең,
Алла менен Абайдың жарасымы!

Қазақ болу қашан да ғажап  қой деп,
Ауа жұту Алашсыз азаптай боп,–
Еміреніп жүруші ең, дүниеде 

Пайда болған алғашқы  қазақтай боп!

Сарыарқаға аспаннан дүбір  еніп,
Осындағы орының  үңірейіп,–
Енді, міне, ең соңғы қазақтайын,
Қайда көшіп барасың  күңіреніп?!

Кімдер сенің төбеңнен өкім  етті,
Кімдер сенің сыртыңнан көкіп өтті?
...Адамзатқа жіберген  Алашымның, 
Елшісі боп қалдың Сен  өкілетті!
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 769
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px