«Алтын нұрын кірпігінен себелеп» - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ұлы дала ұрпағы

Бақыт!

Шаттық!

Толғанбасқа болмайды,

Шын тәуелсіз, шыңға шыққан ел жайлы.

Біздің ұрпақ енді ешқашан тоңбайды,

Біз еккен гүл енді ешқашан солмайды!

 

Тарттық біз де сан заманның азабын,

Көрдік біз де жылағанын ананың.

Түннен кейін күн шығады, қалайда,

Таптық бүгін Жерұйықтың ғажабын!

 

Ол Жерұйық – Тәуелсіз ел бүгінгі,

Тербетіп тұр ұлың менен қызыңды.

Күннен-күнге ұмытылып барады,

Бодан елдің мұң мен зары бұрынғы.

 

Ұзақ күттік еркіндіктің орнауын,

Жырлай алмай туған елдің толғауын.

Енді бүгін еркін самғап барамыз,

Қанат қылып Елбасының Жолдауын!

 

Ел мақсаты – нақты басар жүз қадам,

Мына бізге көзін қадап тұр ғалам.

Ұлы Дала ұрпағының дауысын,

Жердің шары құлақ түріп тыңдаған!

 

Мәңгілік ел!

Мәні қандай керемет!

Қараңдаршы, жер – ғажайып,

ел – ерек!

Аяласын Алаш жұртын Күн-Ана,

Алтын нұрын кірпігінен себелеп!

 

 

Софы ағама

Ата-анадан, қанға біткен,

Негізің бар дарынды.

Білім-ғылым жолында сен,

Салдың бойда барыңды.

 

Инеменен жер қазғандай,

Ақталды еңбек бүгінде.

Қара нардай көтердің ғой,

Жазушылық – жүгін де.

 

Дарын күшін халқыңның,

Дүниеге таныттың.

Роман мен пьесалар,

Жүрегінде халықтың.

 

Қолдай жүрсін аруағы,

Бес мейрамның кенжесі.

Қаракесек сында Алыптың,

Халқымыздың ерлігі.

 

«Елім-айда» өрілді,

Бабалардың ұрпағы.

Саханада көрінді,

Халқым сүйген жазушы.

 

Батырысың – расында,

Шәмшия жеңгей бақ сыйлап.

Жүре берсін қасыңда

Көрейікші өзіңді,

Жүзден асқан, жасыңда!

 

***

Ұрпағы Райымбек, Қарасайдың,

Даласы бұл мекеннің тамаша айдын.

Арманы орындалды бабалардың,

Сезіліп Елордадан жаңаша айбын.

Желбіреп көк байрағы еліміздің,

Толқыны көкке ұмтылды көліміздің.

Тыныштық тербетеді бесіктерді,

Жемісі шекер татып жеріміздің.

 

Алтынды айырған ғой жезден қазақ,

Боларын жақсы күннің сезген қазақ.

Басынан өтпегені қалмаса да,

Шыңдалған, қиындыққа төзген қазақ.

 

Ұлықтап Нұрсұлтандай ұлын бүгін,

«Нұрлы жол» ашты тағы шымылдығын.

Көрсеткен көрегендік патшамыз да,

Жолымен хан көтердік бұрынғының.

 

Жетейік өзіңізбен табысқа кіл,

Намысын қазағымның барысқа бұр.

Жасай бер, бағындырып жеңістерді,

Әлемнің додасында жарысқан ұл!

 

Ғалым Жайлыбай

Бар асылың, Ғалым бауыр, туған жерде,

Қимас досың, ата-анаң – бәрі елде.

Жаңаарқадай киелі жерде өстің,

Аққу, қазбен сырлас боп айдын көлде.

 

Санаңа, ақындық – нұр құйылыпты,

Бұл да бір Құдіреттің сыйы мықты.

«Құлыннан – тұлпар...» деген рас екен,

Жырыңмен сен көтердің ата-жұртты.

 

Жүрдің сен жолдарменен Сәкен өткен,

Сұңқары еді халқымның мақтан еткен.

Інісісің Кәкімбек Салықовтың,

«Жезкиік», «Аққу-әнмен» гәккулеткен.

 

Ұлықбек – өлең-сырлас Алтайда өскен,

Ағаң бар Иран-Ғайып, жырға өктем.

Арқада Ақсұңқардың Серігі бар,

Өлең-жырға ғашық боп, бірге өскен.

 

Әркімнің өзі шығар биігі бар,

Өмір деген опасыз алды құз-жар.

Ақын етіп Тәңірім жаратты ғой,

Жаныңа серік болсын әділдік-ар.

 

 

Жүректе жақсыны айтсаң, жыр гүлдейді

 

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданын ұзақ жылдар басқарған, халық қалаулысы ретінде Жоғарғы Кеңестің депутаты болған, Абылай ханның оң қолы болған батыр Жидебай бабамызға өз қаржысына ескерткіш орнатқан қайраткер ағамыз Рымбек Жүнісовті 75 жасқа толу мерекесімен құттықтап, жыр-шашу шашамын.

 

Жүректе жақсыны айтсаң, жыр гүлдейді,

Кеудең де домбырадай күмбірлейді.

Қастерлі Қарағанды өңірінде,

Жүнісов Рымбекті кім білмейді?!

 

Тербеген көкірегін өмір сазы,

Төмендеп бір көрмеген көңіл тағы.

Нағашым Рымбекті мақтан етем,

Һас батыр Жидебайдың ол ұрпағы!

 

Көңілі-ақ, жаны – көркем жазирадай,

Қадамы бұзылмайтын қағидадай.

Ұрпағы бұтағындай келеді өсіп,

Жары бар жарқыраған Базиладай!

 

Құлпырған Рекең біздің көк шағында,

Әлі де отырған жоқ от жанында.

Жетпіс бес жасқа келді, құтты болсын,

Тойлары сексеннің де, тоқсанның да!

 

 

Байырлық наз

Кіндік кескен, балалық бал-дәурен өткен жерім және еңбекке баулыған Шет ауданы, Ақсу-Аюлы туған елім­нің зиялы азаматтарына

 

Туған жердің, қайсар елі бауырларым,

Егеменді Отаныммен өссін бағың.

Ақын Ғалым, ортасы бүгінгі күн

Халқыңмен өсе берсін, гүлдеп «маңың».

 

Жасымнан Шет ауданда еңбек еттім,

Қой бақтым, күрестім де егін ектім.

Үлгі алып, білім қуған ағалардан,

Армандап Алматыға мен де жеттім.

 

Дәм тартып, Жетісуда, тауда өстім,

Артында қалғаным жоқ ұлы «көштің».

Алматыда білім алып, бала сүйіп,

Құрметке бөленіп мен өмір кештім.

 

Барыс жылы Елбасы орден тақты,

Қатарына Академиктер алып, жатты.

Талғардай ауданында келіп сонда,

"Құрметті Азамат" деп белгі тақты.

 

Аюлы тауларын мен сағынамын,

Жеріме, кіндік кескен табынамын.

Алпысқа келген, ұлын еске алса егер,

Жанды ғой, туған жерім, менің бағым.

06.07.2011

Қосағыңмен ғасыр жаса

(Қадыр ұлы Әділге)

 

Ұрпағысың Керней баба алыптың,

Ақылшысы, батыры да болған кеше

халықтың.

Жойқын, қырғын жоңғарлармен

сұрапыл,

Жауды жеңіп, елге әкелген жарық күн.

 

Уытты сөзбен, ұстай білді

татулықты бірлікті,

Үзеңгілес, батырлармен

бұздырмады түндікті,

Дана атаны мақтанышпен айтайық,

Дербестікке жол бастаған, сақтап

қалған «тірлікті».

 

Дербес елмен бақытты таңың атты,

Директор, әкім болдың, тәрбиелеп

жас ұрпақты.

Ағадыр, Шет, Ақтоғай еңбек жолың

үлгі ұрпаққа,

Көтердің, тәңірім берген, бойға –

«бақытты».

 

Ақылшың жас күніңнен әрі қорған,

Шекердей жан жарыңмен төрің толған.

Аяулы немере ұл-қыз – ардақтысы

Инабатты ісімен кыздарға үлгі болған.

 

Еңбек еттің халқың үшін бір тынбай,

Туған-туыс ардақтайды «тартынбай».

Қосағыңмен ғасыр жаса, тілерім,

Жаның таза,ақиқатшыл, салтың «бай».

 

 

 

Асыл - Айман

Мамыр айы өмірге келіпсіңдер

қос аққудай,

Таза еңбекпен жеттіңдер өмір

«шыңдай».

Халықтың қалаулысы, ұстаз болып,

Бекзаттықты көрсеттіңдер «солға»

бұрмай.

 

Бақ қонған биік болсын отауларың,

Немере-шөберелер «асқар тауың».

Өтіңдер жүзге дейін қол ұстасып,

Гүлге толып, жемісті бақша-бауың.

 

Жақсы бұлақ ағысы сағасынан,

Жақсы бала, айтады ғой, нағашыдан!

Әулетіңе келін болып бақ әкелген,

Айман тәте, Іленің жағасынан.

 

Жетісуға келіп едік арман қуып,

Еңбек еттік, бетімізді термен жуып.

Бақытты, балалардың ортасында

Асеке жүрейік, әр отауға «қадап уық».

 

 

Жанат ЖАУБАСОВ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2266
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px