ҚАНЫШ пен ҚАЗАҚ - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

ҚАНЫШ пен ҚАЗАҚ
Қарағанды,
Вокзал алды абат гүл,
Азан-қазан бай мен кедей, жалақ құл.
Қаныш көкем қара жұрттан
                                          қара үзіп
Күншығысқа қарап тұр.

Бабам бейне оянғандай түс көріп,
Айтпасына қоймай білем ішкі ерік.
«Қазақмысым» қайда дейді,
                                              жазған-ау
Қазақ, МЫСың қайда?» деді тістеніп.

Қаныш ағам қабағында сұсты зіл.
Зәре-құтым ұшты дүр...
«Маңғаз қазақ мәңгүрттеніп
                                              кеткен бе
Мінезі де қалмапты ғой мыс түгіл».

Көкем солай сөйлеп кетті күмбірлеп:
«Бірін-бірі қазақ неге жүр күндеп?!»,
Тобыр біткен күпінеді күңкілдеп:
«Бізге өктем сөйлейтіндей бұл кім?»,      
                              деп.

Ессіз тобыр жетесіз,
Ашынадан азып туған некесіз.
Қаныш түгіл Құдайды да ұмытқан
Не етесіз?!
Жауап таппай Сәтбаевтың сөзіне,
Ызаланып құл-құтанның езіне.
Ұят қысып, дат айтпаққа билікке
Тура тарттым хан орданың өзіне.

Қайран басым абыржуды білмеген,
Тарпаң қалпым жүрген ем.
Қайсар рухым қайта оянып
                                               кеткендей
Бұқар бабам аттап түсті мінбеден.

А, Құдайым, өңім бе бұл түсім бе,
Жан біткені мүсінге.
Қаңғып көшіп кеткен екен хан орда
Тірі жан жоқ ішінде.

Қарт бабамның мысы ма?
Сатқын билік қашты
                                         төзбей сұсына.
Қайран қалам қайран келмей
                                                  қолымнан
Кез келгендей хан Абылай тұсына...

Аласұрып жүрегім,
Ылғи осы күйді кешіп жүремін.
Балбалдарын оятар ма ед Дештінің
Қуу үшін ұлтсыздықтың түнегін...
Жәнібек ӘЛИМАН.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 214
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px