Ұлытаудың Ұлары - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Серік  АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Ұлытаудың Ұлары
Жүрсін Ерманға
«Ұлытауға бардың ба,
Ұлар етін жедің бе?»
Ел аузынан

Арқада Ақсораңға, (сыңары жоқ), –
Құлайды Жыландының
                                       жыланы кеп;
Көкшетау, Қарқаралы көзіңді
                                               арбап,
Мұнартып Ұлытау тұр!
...Ұлары – жоқ!

Келгенде ақырып қыс, күліп көктем,
Іздеме оны әуре боп жүріп – көктен;
Ұлары Ұлытаудың ұшып келіп,
Жүрсіннің жүрегіне кіріп кеткен!

Құдай-ау, құс па?!
Өзі алып неткен:
Түйедей жетелі ұлын
                                    танып көктен, –
Баладай –
Ұлытаудан көтеріп ап,
Қалай бұл Алатауға алып кеткен?!

Ұларым,
Күллі құстан дара осында,
Ұлытауға бармайсың ба, барасың ба?
Қанатың талғанынша ұша берші,
Алтай мен Атыраудың арасында?

Қазақтың ұларынан жыр-әні көп,
(Ішінен, сонсоң, жиі тынады кеп);
...Бір соғып тұрсаң болды Ұлытауға,
Ұларым, –
Ұлысымда сыңары жоқ...

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 325
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px