Нияздың Сарыарқада – Сарыбелі - Поэзия - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Нияздың Сарыарқада – Сарыбелі
Егіліп жұрт жатқанда «Елім-айға...»
Емізіп көк Құртқа мен Ене Ұмайға,
Толғатып Алаш-Ана сені тапты,
Тілегін е, Жаратқан, қабыл айла!

Қазақтың жері қайда, ері қайда?
Деген шақ «жазып едік не Құдайға?»
Толғатып Алаш-Ана сені тапты,
Серік қып Әбілмәмбет, Абылайға!

Сен тудың шоқ жұлдыздың үйірінен,
Ақсарбаз! Асықты алшы иіріп ем!
Әдіптеп мырза жауып мауытыңды,
Болаттан сауытыңды киініп ең!

Ұлы едің тең атаның Алқаракөк,
Басыңды идің жалғыз Аллаға деп.
Құтыртып құлдан туған ұлын жоңғар,
Тұқыртып салмақ шақта қалмақ әлек,

Атырды ер Нияз кеп Арқа таңын,
Сүйегі Сайдалы-Алтай, Барқы Атаның,
Сәмеке ханға серік Нияз шықты,
Жебесін жалындырып  жалқы атарым!

«Ақ үйлі аманатқа» ұлын тастап,
Жоңғарға шыққан қолды бұрын
                                        бастап,
Аталық Барқы-Нияз  алпыс үште,
Алаштың рухы солар бүгінгі асқақ!

Қызылтау, Ақтау, Ортау – жаз  жайлаған,

Аталық хан дәргейлі сөзге ойлы адам,
Арқада Абылай аспас Сарыбелде,
Аюлы, Есіл, Нұра,  Қаракөлде,
Жылқысын қырық мыңдап
        көлге айдаған...

Нияздың Сарыарқада – Сарыбелі,
Қазаққа сыйға тартқан Тәңір оны!
Түйені сөре тартқан ел қаумалап,
Сүйегі Түркістанда қалып еді...

Аталық Барқы-Нияз ханға адалым,
Өлеңнен басқа менің бар ма
                        амалым?!
Нияздан айрылдық та – ояз келді,
«Абылай аспас Сарыбел»
                                   салған әнім!

Мирас Асан.
Қарағанды.                               
                                                               17.V.2016

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 188
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px